Шаншар Жекеевтің есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Ол 25 жыл бойы облыстық зағиптар қоғамын басқарды. Өзін біреуден кем, біреуден жоғары санамай, саналы ғұмырын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаған зейнеткер бүгінгі күні де сүйікті ісінен қол үзбей, әлеуметтік саланың өркендеуіне үлес қосуда.
Бүгінгі кейіпкеріміз өзгелерден рухының биік болуымен дараланады. 37 жасында көру қабілеті нашарлап, зағиптар қатарына қосылғанымен, өмірге деген сүйіспеншілігін жоғалтқан жоқ. Қиындықты қамшы деп білетін Шаншар Серікбайұлы 1949 жылы Жамбыл ауданының Айтуар ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тамамдаған соң Жамбыл облысындағы мәдениағарту училищені қызыл дипломмен бітіріп, кейін Шымкент педагогикалық мәдени-ағарту институтында жоғары білім алған. Еңбек жолын туған ауылынан бастаған жас маман Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы білім ошақтарында жас буынды мәдениет пен өнерге баулып, бұл салада 15 жыл бойы табан аудармай қызмет етті.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.