«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРДІҢ СӘНІСІЗДЕР

Бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілік дарыған дара жандарды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпанды табындырған аяулы да асыл жандардың сұлулығы мен әсемдігіне қол соғамыз, мейірім мен төзімділіктері үшін алғыс айтамыз.

 Бүгінгі күні әйелдердің барлық жағынан табысты екендігіне сүйсінеміз – сіздер кәсіптің шыңын оңай бағындырып жүрсіздер. Бүгінгі күні білім беру, денсаулық сақтау, мәдениетпен қатар, шағын және орта бизнес салаларын да нәзік жандарсыз көзге елестету мүмкін емес. Олар өздеріне деген сенімділігін, батылдығын, биік мақсаттарға қол жеткізу қабілетін іс жүзінде дәлелдеді деп ойлаймын. Сондықтан жыл өткен сайын өңірімізде белсенді және іскер әйелдер санының артып келе жатқаны бізді қуантады.
Сіздерге айтылар ақ тілек пен жылы сөз ешқашан толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл күй сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып жүрген асылдарымыз, көктеріңізден күн, құшақтарыңыздан гүл, өмірлеріңізден күлкі кетпесін!

Марат ШӘПЕНОВ,
кәсіпкер.
Ақжар ауданы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp