Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде мұнда бір мыңға жуық адам қызмет етеді. Кәсіпорын басшысының орынбасары Владимир Денисюк тапсырыс қабылдауда кедергілер кездесетіндігін сөз етті. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Сергей Звольский бұл мәселе назардан тыс қалмайтынын айтты.
— Зауыттың өндірістік қуаты зор, сондықтан аса ауқымды тапсырыстарды да орындай алады. Бүгін біз жылу алмастыру құралдарын шығарудың бірегей тәжірибесін таныстық. Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылатын болады, – деді депутат.