«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ЖОҚ

 

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері Румынияның Бухарест қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысып келді.

Өнерге өзгеше леп әкеліп, тың идеялармен көрермендердің көңілінен шығып жүрген “StarTDrama” әртістері “86” атты спектакльді сахналаған. Қойылымға 1986 жылдың қасіреті арқау болған. Қанды оқиғаның құрбаны болған жастардың рухы мен намысын, патриоттық сезімін көрермендердің жүрегіне жеткізіп, көпшіліктің қошеметіне ие болған қойылымның көтерген жүгі ауыр. Бухарест қаласының Нотара театрында өнер көрсеткен біздің сахнагерлердің еңбегін өнер майталмандары жоғары бағалаған.

– Жүрекке жара салған желтоқсан оқиғасы – тарих тасына қашалған қасірет. Өрімдей жастардың өршіл рухын, айбары мен айбатын көрерменнің жүрегіне жеткізу оңай емес. Психологиялық күйзелісті сахнада көрсету қиын. Театр актерлерінің шеберлігіне тәнті болған көрерменнің ыстық ықыласы қуанышымызды одан сайын еселей түсті. Өнердің жілігін шағып, майын ішкен мамандар тарапынан жылы лебіз айтылды. Өнерпаздарға көрсетілген құрмет – ұжымның табанды еңбегінің жемісі, – деді қойылым режиссері Фархад Молдағали.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp