«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРЛЕРІМЕН СҮЙСІНТТІ

Облыстық филармонияның әртістері Қызылжар ауданына қарасты Пеньково ауылының Мәдениет үйінде концерт берді. Ән-биден шашу шашып, таланттарын паш еткен өнерпаздардың өнерін тамашалауға келгендердің қарасы қалың болды.

Тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Дәмеш Құрманкина мен мәдениет қайраткері Николай Колокольчиков еліміздегі бейбітшілікті, этносаралық достықты, тыныштықты дәріптейтін әндер шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. “Ла-Скала” тобы әншілерінің әуелеткен әндері, қос ішекті домбыраның көмейінен күй төгілткен филармония ансамблінің өнерпаздары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.  

Филармония ұжымы аталмыш шараны Қазақ хандығының – 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойларына арнап отыр.

Айбек МҰҚАНОВ,

Пеньково орта мектебінің мұғалімі.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp