Облыс орталығындағы «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Феерия» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық конкурсынан жүлдемен оралды.
Балабақшаның тәрбиеленушілері үш аталымда өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. «Еркетай» хореографиялық ансамблі осы заманғы үлгідегі халық биін билеп, бірінші орыннан көрінді.
Бүлдіршіндер ән айтудан да осал емес екен. Айару Сәрсенбайдың тамылжыта шырқаған әні көпшіліктің көңілінен шықты. Қарлығаш биі туралы тарихи аңызды әңгімелеп берген кішкентай жерлестеріміз де марапат биігінен көрінді.
Балалардың барлығына кубок пен диплом табыс етіліп, олар енді Бурабайда өтетін халықаралық конкурсқа аттанбақ.