«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ САЛДАРЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

Петропавл қаласында түн ортасында тұрғын үйлердің бірін өрт шалып, оқиға орнынан үй иесінің мәйіті табылды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне түнгі сағат 3.30-да Союзная көшесі, 31-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің отқа оранғаны туралы ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, баспана көк түтінге оранып, ішкі қабырғалары мен төбесін өрт шарпи бастаған. Департамент мамандарына Петропавл қалалық №1 өрт сөндіру жасағының екі бөлімшесі көмекке келгеннен кейін тілсіз жау бір сағаттың ішінде толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1941 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды.

Өрт салдарынан үйдің және қосалқы ғимараттың шатыры толық жанып кетті. Үй иесінің жеке заттары зардап шеккенімен, өрт сөндірушілер жиһаздарды аман алып қалды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және келген шығынның мөлшері анықталуда. 

Cурет http://trassae95.com сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp