«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ СӨНДІРУШІ СОТТАЛДЫ

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманы Е.К. Құлақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Ол Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындаңы ЖШС-лердің бірінің директорынан 100 мың теңге пара алды деген күдікке іліккен болатын. Сол үшін қойманы күзетуде кеткен өрескел заң бұзушылыққа көз жұма қарайтын болып келіскен.
Күні кеше Петропавл қалалық сотының үкімімен Құлақпаев сотталып, 3 млн. теңге айыппұл төлеуге кесілді. Құлақпаевтың биыл 8 ақпан мен 16 наурыз аралығында қамауда болғаны ескеріліп, айыппұл мөлшері 2 млн. 607 мың 652 теңгеге дейін азайтылды.
Сотталушы енді өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сурет http://sko.sud.kz/  сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp