«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды

Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде “Көзімнің қарасы” әнін орындау арқылы құттықтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлемнің барлық еліне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі. Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасын “кото” ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен “Zerosta” продюсерлік компаниясы жасады. Әннің сөзін жапон тіліне “Wako” университетінің профессоры Хироки Сакаи аударды – ол қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітаптың авторы, оның ішінде Абайдың “Қара сөздерін” жапон тіліне аударған. Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі достарының ізгі ниет жобасының мақсаты – Абай шығармашылығының көркемдік және эстетикалық мазмұнын жапон тілінде жеткізу арқылы қазақ мәдениетін дәріптеу. Ранка – композитор, жапондық халық және заманауи музыканың орындаушысы, сондай-ақ “Japan Record Awards” музыкалық сыйлығының Гран-при иегері.

 

 

 

https://egemen.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp