Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, сол сияқты, қоғамдық орындар мен жолдардағы қауіпсіз тәртіпке байланысты дағдыларды пысықтау мақсатында ювеналдық және әкімшілік полицейлер “Абайлаңыз: Балалар!” жалпыреспубликалық акциясын өткізді.
Жедел-алдын алу шаралары аясында тәртіп сақшылары оқушылар мен олардың ата-аналарының алдында дәріс оқыды және әңгімелесті. Балаларды автомобиль көліктерінде тасымалдау тәртіптерінің сақталуына, сол сияқты, қауіпсіздік белбеулерін және арнайы балалар автомобиль орындықтарын пайдалануға ерекше назар аударды.
Жыл басынан бері облыста жасөспірімдердің қатысуымен 11 оқиға тіркелді, 13 бала жарақат алды.
Ольга ШИЯН,
облыстық Ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.