Ақжар ауданы Новосельское ауылының 40 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
“Ақжар ауданында 5 сәуірде сағат 16-да мал жайып жүрген Новосельское ауылының 1976 жылғы тұрғыны қауіпсіздік ережесін сақтамауы салдарынан бөгетке құлап, суға батып кетті. “Жедел құтқару жасағы” мемлекеттік мекемесінің іздеу тобы оқиға орнына жетіп, қаза тапқан ер адамның мүрдесін алып шықты”, – делінген хабарламада.
Сондықтан төтенше жағдай мамандары су қоймаларының жанында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
(Өз тілшіміз).