
1 қаңтар күні кешкісін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметіне Жұмысшы кентіндегі Панфилов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабар түсті.
Петропавл қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері және екі техникасы оқиға орнына сегіз минуттан соң жетті. Үйдегі жиһаз, түсқағаз бен тұрмыстық техниканың өртенгені белгілі болды. Қызыл жалын 1991 жылы туған әйел және оның екі баласының өмірін қиды.
Мамандардың айтуынша, өрт оқиғасы электр құралдарын қолдану кезінде техникалық талаптарды сақтамау салдарынан орын алған.
Сурет https://m.ru.sputniknews.kz/
сайтынан алынды.