«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН”

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Абай оқулары” өтті. “Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін” атты байқауды резиденция ұжымы мен Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы бірлесе отырып ұйымдастырған.

Данышпанның өлеңдері мен қара сөз­дерін оқушыларға кеңінен насихат­тауды көздеген сында талапкерлер екі аталым бойынша бақтарын сынады. Бірінші ата­лым қара сөздерін жатқа айту болса, екін­шісі ақынның өлеңдерін мә­нерлеп оқу.

– Абай Құнанбайұлы – Ұлы дала та­ри­хына өшпес із қалдырған дара тұлға. Оның шығармашылығында ұлттың бар бол­мыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, көзқара­сы мен дүниетанымы, діні мен тілі, өткір тілі мен қайсар рухы – бәрі де айқын кө­рі­ніс тапқан. Ақынның мол мұ­расы талай ға­сыр өтсе де маңызын жой­мақ емес. Ке­меңгердің шығармаларын насихаттау жол­дары мен тәсілдері жыл­дан-жылға түрле­ніп, кемелдене түсуде. Ал өскелең ұрпақ­тың зердесін ашып, ұлттық мәде­ниетіміз бен әдебиетіміздің тұнық нәрін саналары­на сіңдіру – біздің парызымыз, – дейді му­зей қызметкері Назгүл Бейсембина.

“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” аталымында данышпанның қара сөзде­рін нақышына келтіріп оқыған Нұрмұ­хаммед Баратбай 1-орынды иеленсе, “Өлмейтұ­ғын артына із қалдырған”, яғни Абай қара сөздерін жатқа оқуда Нұрай Қанағат жеңімпаз атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp