«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай облыс орталығындағы қазақ мектеп-гимназиясына қазақтың бас ақынының есімі берілмек. Бұл жайлы облыстық білім басқармасының алқа отырысында айтылды.

Аудандық білім бөлімдерінің басшылары отырысқа бейнеконференция арқылы қатысты. Жиынды ашқан облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жоспарды баяндады. Ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын арттыру мақсатында биыл “Ұлы дала мектебі” қанатқақты жобасы қолға алынбақ. Сонымен қатар қараша айында Оқушылар сарайында “Дарын” орталығы жұмысын бастайды. Ауыл мектептеріне жас мамандарды тартып, бұл үшін “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасының аясын кеңейтудің маңызы зор.
Алқа отырысында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің бірінші проректоры Ербол Исақаев жоғары білім беруге қойылатын міндеттерге тоқталса, облыстық білім саласын бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Гапчич ведомствоның атқарған жұмыстарымен таныстырды.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp