
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды.
Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықты 39,881 уақытта бағындырып, қоржынға қола жүлде салды. Бір атап өтерлігі, ол мұндай нәтижемен жарыста үшінші орын алып қана қоймай, ел рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша қытайлық У Дацзин бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Мажарстан спортшысы Шандору Шаолиню Лю жайғасты.
Сондай-ақ, 1000 метр қашықтықта сынға түскен Еркебұлан Шамұханов жарысты 10-шы болып аяқтады.