«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫРОЙ БОЛҒАНДА, БӘРІ АМАН

Жуырда кешкілік уақытта Астана-Петропавл тасжолының бойындағы Рощинск ауылының маңында жол апаты орын алды. Шетелдік көлікті тізгіндеген жүргізуші қарсы беттегі машинаның жарығынан рульге ие бола алмай, жол қоршауына соғылады. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Көлік ішіндегілер жарақат алғанымен, бәрі де дін аман. Апат орнына Тайынша ауданының Келлеровка ауылындағы құтқару-медициналық пунктінің бригадасы тез жетіп, зардап шеккендерді аудандық ауруханаға жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жолдағы құтқару-медициналық пункті облыс бойынша Келлеровка ауылында ғана бар. Жол-көлік оқиғалары кезінде жедел көмек көрсету мақсатында құрылған орталық жыл басынан бері 13 мәрте шақырту алып, жарақаттанған 62 азаматқа көмек берген.  

Жазира ҚҰРМАНОВА,

“Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp