«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫРОЙ СЫЙЛАҒАН АДАЛ ЕҢБЕК

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысын­да сауда саласын цифрлық трансформациялау мен дамыту болашағы қарал­ды. Сондай-ақ ана мен бала өлімін азайту мәселесі де күн тәртібіне шықты.

Ұлттық статистика бюро­сының 2024 жылғы есебіне сәйкес, ел аумағында 17,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайда­лануға берілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға жоғары. Сонымен қа­тар құрылыс саласының ЖІӨ-дегі үлесі 5,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, жалпы құрылыс жұ­мыстарының көлемі 7,5 трлн. теңгеге жуықтаған. Осылайша аталған сала еліміздегі ең ау­қымды және үздіксіз дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып отыр.

Әрине, құрылысты тек санмен өлшеу мүмкін емес. Құрылыс саласының тыныс-тіршілігін ресми мәліметтер­мен емес, сол салада еңбек етіп жүрген маманның көзі­мен саралаған дұрыс. Себебі әр қаланған кірпіш, әр тұрғы­зылған қабырға – маңдай тердің жемісі. Осындай жауапты да абыройлы мамандық ие­лерінің бірі – Бауыржан Ес­кенұлы Әбішев.

Бауыржан Әбішев – Сол­түстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылының тумасы. Құрылыс саласында 40 жылдан астам үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. 1987 жыл­дары кеңшарлардағы құры­лыстарда тәжірибе жинақта­ған. Кейін тәжірибесі мен жауапкершілігі жоғары маман ретінде қалалық деңгейдегі құрылыс компанияларына шақырту алады.

Алдымен «Альфа-Север» компаниясына орналасып, Петропавл қаласындағы Сен­ная көшесінің бойында орна­ласқан көпқабатты тұрғын үй­лердің құрылысына қатысады. Кейін «Казградстрой» фирма­сына ауысып, «Жас өркен» шағынауданында монолитті үйлер тұрғызуға атсалысады. Бұл жобалар бүгінде облыс ор­талығының жаңа келбетін қа­лыптастырған маңызды құры­лыс кешендеріне айналған.

2024 жылғы қызыл судан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысын жүргізетін «Зерттеу» компа­ниясына шақырылады. Онда да бірнеше нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтағаны үшін әріптестерінің ризашылығына ие болған. Қазіргі таңда Бауыржан Ескенұлы «Зодчий» компаниясымен бірлесе жеке тұрғын үйлер мен коттедждер салады.

– Мен жауапкершілік пен ұқыптылық жоғары бағалана­тын ортада жұмыс істегенді ұнатамын. Себебі құрылыста кәсіби тәжірибеден бөлек ада­ми қарым-қатынас та аса ма­ңызды, – дейді ол.

Құрылыс – физикалық жа­ғынан ауыр сала. Биыл 58-ге келген Бауыржан Ескенұлы үшін құрылыста еңбек ету оңай емес. Бірақ өз кәсібін жақсы көретін тәжірибелі құ­рылысшы әр күнін жұмыс ор­нында бастағанды жөн көреді. Бір күн жұмысқа шықпай қал­са, құрылыс алаңын сағынады екен.

Сол себепті болар, салған үйлердің санынан жаңылып қалады. Қаланың жаңа аудан­дарында бой көтерген көпқа­батты үйлердің бірқатары оның қатысуымен салынған.

– Қазір көздің жауын ала­тын жаңа үйлер тұрғызылып жатыр. Сол нысандардың қа­тарында менің де үлесім бар . Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Жаңа үйге кіріп жатқан тұр­ғындардың қуанышын көр­генде, өзімді бақытты сезі­немін, – дейді Бауыржан Ес­кенұлы.

Бауыржан Ескенұлы – тек кәсіби маман ғана емес, шаңы­рағының тірегі, отбасының бәй­терегі. Еңбексүйгіш әкенің жо­лын жалғаған балаларынан та­раған бес немересі бар. Соларға үлгі болып жүрген Бауыржан Ескенұлының өмірлік ұстаны­мы мен кәсіби тәжірибесі ең­бек адамының нағыз бейнесін сипаттайды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ, «Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp