«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АВАНГАРДТЫҢ” АТАҚТЫ ҚАҚПАШЫСЫ

Облысымызға танымал спорт ардагері, солтүстікқазақстан­дық футболдың жарқын өкілі Виктор Малинко 80 жасқа толды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов ардагерді мерейтойымен құттықтады.

– Өміріңіздің басым бөлігін облысымызда футболды дамытуға арнадыңыз. Бұл үшін өскелең ұрпақ сізге қарыздар. Спорттық мансабыңызды команда қақпашысы ретінде бастап, талай қызмет баспалдағынан өттіңіз. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жергілікті “Авангард” командасының бүкілодақтық аренаға шығуына бір адамдай атсалыстыңыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! – деді Сергей Мелехов.

Виктор Васильевич – есімі елімізге танымал спортшы, футболдан КСРО-ның спорт шебері. Ол 1955 жылы Куйбышев атындағы зауыттың жанынан құрылған “Авангард” клубының сапында ойнаған. Аталмыш клуб аз уақыттың ішінде облыс чемпионы атағын жеңіп алғанды. Мерейтой иесі клуб сапында екі мәрте республика біріншілігінің және бір рет ел кубогының жеңімпазы атанады. Сол жылдары команда КСРО-дағы “Миллиондар кубогы” деген жарысқа қатысады. Осы кубок жолында жақсы өнер көрсеткен петропавлдық ұжым Әзірбайжанның Сумгаит қаласында өткен жартылай финалда Львовтың “Сокол” клубына жол беріп, қола медальды еншілейді. Біздің қақпашымыз Виктор Малинко тартысты өткен доданың “Ең шебер қақпашы” аталымында жеңіске жетіп, арнайы жүлдені иеленіп қайтқан болатын.

Марат ШЫНТЕМІРОВ,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp