«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Авиажолаушылардың 89%-дан астамы ПТР-анықтамаларымен келген

29 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Египет, БАӘ, Түркия, РФ, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 746 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 458 адам, анықтамасыз 288 адам келді.
Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына — 9 рейс, 1 505 жолаушы, анықтамамен — 1 389, анықтамасыз — 116.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына — 10 рейс, 1 232 жолаушы, анықтамамен — 1 060, анықтамасыз — 172;
Ақтау қаласының әуежайына — 1 рейс, барлық 9 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

https://egemen.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp