«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АВТОБУСТАР ДА БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жыл басынан бері облыс орталығында жолаушылар көлігінің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам зардап шеккен. Жүргізушілердің кінәсінан 3 төтенше жағдай орын алып, 3 адам жарақаттанды.

Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыста “Автобус” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Операцияның екі күні ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 301 бұзушылық анықталды. Облыс орталығында орындықтары бекітілмеген автобуспен жолаушылар тасылмалдағаны үшін №5 бағыттағы автобустың жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Аталмыш бағыттағы автобус тиесілі кәсіпорынның көлік құралдарын жарамды күйде рейске шығаруға жауапты механигіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

“Автобус” операциясы айдың соңына дейін жүргізілетін болса да, бұл жұмыс жыл бойы жалғастырылады.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ішкі істер департаментінің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp