«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АВТОБУСТА ДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ КӨП

Петропавл қаласында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Автобус” жедел-алдын алу шарасы өтті. Үш күнге созылған рейд барысында облыс полицейлері қоғамдық көліктерге қатысты көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, кейбір жүргізушілердің автобусқа газ құрылғысын орнатқаны анықталған. Сондай-ақ,  техникалық байқаудан өтпеген автобустар жолаушы тасымалдағаны белгілі болды.

«Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейд барысында қоғамдық көліктердің жүргізушілері тарапынан барлығы 827 бұзушылық анықталды. Тек соңғы үш күнде втобустарды заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 9 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, автобустардың арасында бағытқа шықпас бұрын тексерістен өтпеудің 10 фактісі және техникалық байқаудан өтпеген 18 автобус анықталды, – дейді Айдын Байматов.

Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайына немқұрайды қараған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

(Сурет yandex.kz сайтынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp