
Петропавлдан Көкшетауға және Щучинскіге дейінгі тасжол ақылы болмақ. Сондай-ақ, Ресей еліне сапар шеккісі келгенде де тасжолды пайдаланғандары үшін ақы төлеулері керек. Бұл туралы qzmedia.kz сайты хабарлады.
Бұл жаңашылдық 2021 жылдан бастап енгізіледі. Оған дейін мамандар ақы төлеуге арналған құрылғыларды орнатады. Ақылы тасжолдардың тізімі Tengrinews.kzсайтында жарияланды:
1. Қапшағай — Талдықорган, 184 километр;
2. Астана — Қостанай – Ресей шекарасы (Троицкіге қарай), 741 километр;
3. Щучинск — Көкшетау — Петропавл – Ресей шекарасы (Қорғанға қарай), 301 километр;
4. Павлодар – Ресей шекарасы (Омбыға қарай), 217 километр;
5. Орал– Ресей шекарасы (Саратовқа қарай), 100 километр;
6. Астана — Павлодар, 409 километр;
7. Ақтөбе — Орал– Ресей шекарасы (Самараға қарай), 518 километр;
8. Атырау — Доссор — Бейнеу — Ақжігіт– Өзбекстан шекарасы, 502 километр;
9. Ақтау — Бейнеу, 470 километр;
10. Ресей шекарасы (Орынборға қарай)- Ақтөбе — Қызылорда, 1 125 километр;
11. Қызылорда — Шымкент — Тараз, 649 километр;
12. Тараз — Қайнар, Благовещенкакенті, 237 километр;
13. Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 101 километр.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басынан бастап Астана – Теміртау (134 километр), Алматы – Қапшағай (42 километр) және Алматы – Қорғас (295) автожолдарына ақы төлеу жүйесі енгізілді.