Су тасқынына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар жолдар жабылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
19 сәуірде еріген судың тасуына байланысты республикалық маңызы бар «Челябинск-Новосібір» автожолының 525-530 шақырымы, облыстық маңызы бар «Саумалкөл-Новоишимский-Червонное» автожолының 40-45 шақырымы аралығында және «Покровка-Корнеевка» жолында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.