«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АГРОПРОФИ” ЖЫЛУЫ

Табиғи монополия саласында қызметін жүзеге асыратын “АгроПрофи” ЖШС жылу энергиясын өндіру, тарату және жабдықтау қызмет түрлері бойынша облыстық табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілді.

Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңына сәйкес аталмыш субъектінің қызметі бұдан әрі уәкілетті органның араласуымен реттеліп отырылады. Яғни, департамент субъектінің қызмет көрсету тарифін және оның шекті деңгейін белгілеуді, тарифтік сметасын бекітуді жүзеге асырады.

Заңнамаға сәйкес “АгроПрофи” ЖШС-сі тіркелімге енгізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде департаментке тарифті және тарифтік сметаны бекіту жөнінде өтінім ұсынады. Жаңа құрылған субъектінің тарифі жеңілдетілген тәртіппен бекітіледі.

Өз кезегінде, серіктестік реттеліп көрсетілетін қызмет түрлеріне тариф және тарифтік сметаны бекіткен күннен бастап, тоғыз айдан кешіктірмей оларды қайта қарау үшін өтінім жасауға міндетті.

Сондай-ақ, тариф бекітілген соң жария тыңдаулар өткізілуі тиіс. Жария тыңдаулар ақпараттандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялық субъектінің мүдделік теңгерімін сақтау, тариф және оның шекті деңгейін қалыптастырудағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Табиғи монополиялық субъект бұл қызметті Мамлют ауданында жүзеге асырады. “АгроПрофи” ЖШС-нің қызметін Якорь ауылының Якорь орталау мектебі және Асаново ауылының Асаново орталау мектебі тұтынады.

Нелла БАБАКЕХЯН,

табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті

басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp