«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АГРОФИРМАҒА БАРДЫ

“Нұр Отан” партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысында болды. Штаб жетекшісі, партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған делегация өңірдегі көш бастап келе жатқан агрофирмаға барды. Сондай-ақ, РСШ мүшелері облыстық шығармашылық интеллигенция және этномәдени орталықтарының өкілдерімен, денсаулық сақтау мен темір жол салаларының еңбеккерлерімен кездесті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Делегация құрамына Парламент Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты Сергей Дьяченко, “Ұлттық ғылыми медициналық орталығының” директоры Абай Байгенжин, “ҚТЖ” ҰҚ вице-президенті Роман Скляр, “Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михаил Трошихин, театр және кино актері Нұрлан Әлімжан, “Қазақстан барысы” даму фонды қамқорлар кеңесінің төрағасы Арман Шораев және т.б. кірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp