«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛДЫҚ АДАСТЫРМАЙДЫ

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына белсенді қатысатын студенттердің ата-аналары марапатталуы мүмкін. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Casual Fraiday” үлгісінде кездесу өткізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин осындай ұсыныс айтты. Кездесу барысында Ернар Баянғазин өңірімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмысқа тоқталса, жоғары оқу орнының ректоры Серік Өмірбаев академиялық адалдық қағидаты бойынша жұмыс істеп жатқандарын тілге тиек етті. Студенттер арасында “Оқытушылар – студенттер көзімен” деген сауалнама жүргізу, “Таза сессия” акциясын өткізу дәстүрге айналған. Сонымен қатар сенім телефоны іске қосылып, туындаған мәселені ректордың блогына да жазуға болады.

– Өткен жылдан бері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ – академиялық адалдық лигасының мүшесі. Оның талаптары жоғары оқу орнының ішкі құжаттарына енгізілді. Студенттердің жазба жұмыстарында плагиатты анықтау үшін антиплагиат жүйесі жұмыс істейді. Осы оқу жылында емтихандардың 90 пайызы жазбаша түрде жүргізілетін болады. Барлық жазбаша емтихандар штрихкодпен құпияландырылады да, тексерушілер қай студенттің жұмысы екенін білмейді, – деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры міндетін атқарушы Жанар Таласпаева. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp