«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің Қазақстан халқына арнаған “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және заңның үстемдігін негізгі басымдықтар ретінде белгілегені кездейсоқтық емес. Сыбайлас жемқорлық – қоғамды кері сүйрейтін кесел. Спорт саласында да сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалып келеді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында, оған бағынатын он бес мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

Біз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейміз. Сондықтан “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңның нормаларын түсіндіру бойынша дәрістер, кездесулер өткізілді. Осы тақырыпта арнайы семинарға балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары, орынбасарлары және есепшілері қатысты.

Қызметшiлердің табысы туралы декларацияны уақытында тапсыруын басқарманың кадрлық қызметi бақылауында ұстайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін де назардан тыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ, басқармаға келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріледі. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ. Басқарма басшыларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі ғимараттың көпшілікке ыңғайлы орнында және интернет-ресурсында орналастырылған.

Сонымен қатар сайтымызда “Басшы блогы” және “Қоғамдық қабылдау” бөлімдері жұмыс істейді. Нормативтік-құқықтық актілер, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” арнайы бөлімі бар, осы бағыттағы шараларды өткізу бойынша ақпарат беріліп тұрады. Мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын бұзған жағдайда сенім телефонына хабарлау керек. Қоңыраулар есепке алынып, журналға тіркеледі.

Басқарма қызметкерлерінің кадрлық тағайындаулары прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруінен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімін өткізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Біздің мамандар біліктілікті арттыру курстарынан да ұдайы өтіп отырады.

Осы жүйелі жұмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыруға және өңір тұрғындарының біздің басқармаға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Руслан ЕСЕНАЛИН, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp