
Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен республикалық “Адалдық сағаты” акциясы өтті. Осыған орай өңіріміздің барлық мектептерінде оқушылар мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапханада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің, “Qyzyljar – adaldyq alańy“ жобалық кеңсесінің мамандары, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының өкілдері, қоғам қайраткерлері колледж студенттерімен кездесті. Шара барысында жастарға қоғамдық індетке қарсы тұрудың мәні мен адал еңбек етудің маңызы түсіндірілді.
– Қоғамның санасын жаңғыртумен қоса, мемлекеттік органдардың жұмысында ашықтық, жариялылық пайда болды. Білімді игерумен қатар, бойларыңызға адалдық, әділдік және сенім сияқты ізгі қасиеттерді де қалыптастыруларыңыз керек. Сонда ғана адал дәрігер, жауапкершілігі мол құрылысшы, әділ сатушы атанасыздар, – деді арнайы мониторнгтік топтың мүшесі Светлана Зайцева. “Jas Otan” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Қайроллаев “Таза сессия” сауалнамасы барысында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған оқу орындары анықталғанын айтты. Сауалнамаға қатысқан 14929 студент диломдық жұмыс қорғағанда және аралық бақылау кезінде “бармақ басты көз қыстылыққа” жол берілетіндігін көрсеткен.
Сурет https://365info.kz сайтынан алынды.