«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕРЛІКПЕН ҮНДЕС

Қоғамдық тәртіпке жауапты полицейлер өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созады. Бұл сөзімізге дәлел болатын көптеген жайттар бар. Облыстық полиция департаментінің басшылығы ерлік танытып, адам өмірін құтқарған тәртіп сақшыларына құрмет көрсетті.

Құқық қорғау органдарының ардагерлері мен жас сақшылардың қатысуымен өткен шарада облыстық полиция департаментінің бастығы, полковник Марат Төлебаев ержүрек полицейлерді марапаттап, адал еңбегі үшін алғыс айтты. “Бізді қызметкерлеріміздің әрқашан адамдарға қол ұшын созуға дайын екені қуантады. Мұндай жағдайлар жас полицейлер үшін ерлік пен адал қызмет етудің үлгісі болуға тиіс”, – деді Марат Төлебаев.

Ерлік танытқан сақшылардың қатарында бірнеше күн бұрын Тайынша ауданындағы Рощинское ауылының маңайында жолаушылар тасымалдайтын “Газель” автобусында шыққан өрттен 11 баланы құтқарған ержүрек полицейлер де бар. Облыстық полиция департаментінің автопатруль экипажы құрамындағы аға лейтенант Жігер Балтабай мен аға сержант Батырхан Молдажанов автобусқа ілесіп келе жатқан еді. Дер кезінде әрекет етіп, жолаушыларды аман-есен сыртқа алып шықты. Құтқарылған балалар басқа көлікпен үйлеріне жеткізілді.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp