«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАМ САУДАСЫНА – ТОСҚАУЫЛ!

30 шілде Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні аталып өтті.

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде мен 1 тамыз аралығында облыс орталығында түрлі шаралар өткізді. Тұрғындар “116-16” сенім телефонының жұмыс істейтіндігінен хабардар етіліп, “ЕС-164/6 мекемесінде” сотталған әйелдерге түсіндіру дәрісі өткізілді. Сондай-ақ, “Қазіргі заманғы құлдыққа “жоқ” деп айт!” тақырыбында ақпараттық плакаттар конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Адам саудасына қарсы күрес күні “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің директоры Алина Орлованың жетекшілігімен конференция өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сәйкес әлемде адам саудасын жүзеге асыратын 500-ден астам сауда ағыны бар екен. Мамандардың пікірінше, әлемде бірде-бір мемлекет бұл проблемадан шет қалмаған. Қылмыстық іс-әрекеттер көбінесе қоғамның әлжуаз топтары, әсіресе, әйелдер мен балаларға бағытталған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші

маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp