18 желтоқсан күні түс ауа 101 телефонына Петропавл қаласындағы “Береке” шағын ауданындағы Калинин көшесі бойындағы 149-шы үйде өрт шықты деген хабар келіп түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Тілсіз жаумен күреске 25 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге 1 сағат уақыт жұмсалды. Салдарынан төртпәтерлі үйдің төбесі, қабырғалары мен кіреберісі зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты қолданудағы абайсыздық себеп болуы мүмкін. Нақты себебі мен келген шығын көлемі анықталуда.