Жуырда облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны басына тиген оқтан қайтыс болды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Петропавл қаласында тұратын 33 жастағы адам қамауға алынды. Жасы 26-дағы тағы бір күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлімі (адам өлтіру) және 257-бабы, 3-бөлімі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары барысында қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталмақ.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.