«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖЫРАСУҒА АСЫҚПАУ ҚАЖЕТ

Елімізде отбасы мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл орайда жергілікті соттар да отбасы институтын нығайту жөнінен нақты шараларды жүзеге асыруда. Сот өкілдері ана мен бала құқықтарын сақтау, ерлі-зайыптылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында да кешенді жұмыс жүргізіп отыр. Жақында өңірімізде құрылған “отбасылық сот” жобасы шаңырақтарды шайқалтпай, оның өзіне тән барлық қасиеттерін сақтау бағытында оң нәтижесін бере бастады. Бүгінде аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін өңірлерде арнайы судьялар бөлінген. Біздің облыс бойынша бұл міндет маған жүктелді.

“Отбасылық сот” қанатқақты жобасы алғашқыда Семей қаласында қолға алынды. Еліміздің өзге өңірлері де жобаның пайдасы мен тиімді тұстарын байқап, оны қолданысқа енгізуде. Оның басты мақсаты отбасы құндылықтарын сақтаумен қатар, шаңырағы шайқалғалы тұрған ерлі-зайыптыларды бітімгершілік жолмен татуластыру болып табылады.

Қазақ халқы үшін отбасы қашанда басты құндылық болып саналды емес пе? Осы тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында: “Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды”, – деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек, көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, құндылықтарынан мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Біз де өз жұмысымызда осы мәселеге баса назар аударып, отбасын барынша сақтап қалуға тырысамыз.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 2019 жылғы 25 шілдедегі №85 санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp