2015 жылы Петропавл қалалық сотында 1052 неке бұзылса, өткен жылы олардың саны 2034-ке жеткен. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында әңгімесі жараспаған 407 жұп сотқа арыз берген.
Бір сөзбен айтқанда, әр екінші неке баянсыз. Әсіресе, жастардың арасында отбасылық өмірдің қиындығына төзімділік танытпайтындар көп. Мамандардың айтуынша, ерлі-зайыптылар үшін алғашқы бес жыл ауыр соғатын көрінеді. Бұл уақытта жас жұбайларлар материалдық мәселелерін шешіп, отбасылық беріктікті нығайтуы тиіс. Алайда, жастар сотқа арыз жазғанда мінездерінің сәйкес келмегенін алға тартады екен.
Облыстық прокуратура некелерін қиғалы жүрген жастарды дін өкілдерімен, судьялармен, психологтермен, АХАЖ бөлімдерінің қызметкерлерімен кездестіріп, оларға ақыл-кеңестер беруде.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.