«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Рамиль Камалов азаматтарды қабылдады. Департамент құзыретіне енетін әр түрлі мәселелер бойынша 4 адам қабылдауға келді.

Жеке кәсіпкер Ш. А. Сафарян биыл қыркүйекте Петропавл қаласында автокөлік жуу бекетінде тұтанған өрттің таралуына жол бермей, алдын алып, жедел және үйлесімді әрекет еткен өртке қарсы қызмет мамандарына алғыс білдіре келіпті.
А. Р. Жұмабеков өрт-техникалық минимум бойынша оқудан өту мәселесі бойынша жүгінді. Департамент бастығы оған қойылған сұрақ бойынша егжей-тегжейлі жауап берді.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген А.Е.Евжановқа Рамиль Камалов және кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау ретін түсіндіріп, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге кеңес берді.
Журналист К. Т. Калиев газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы мәселені сұрады. Оған үйінің ауласындағы автономды газдандыру белгілі бір талаптармен және нормативтермен реттелетіні түсіндіріліп, құзыретті органдарға жазбаша өтініш беру ұсынылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp