«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Облыстық полиция департаментінде 17-18 қаңтар күндері азаматтарды қабылдау өтеді. Қабылдауға алдын-ала жазылудың қажеті жоқ. Бұл шара “Жолда қабылдау” республикалық акциясының бірінші кезеңі аясында ұйымдастырылып отыр.

Азаматтар құқықтық кеңес алып, өз ұсыныстары мен пікірле­рін айта алады. Сондай-ақ, олар патрульдік, әкімшілік полиция, көші-қон қызметінің басшылары­мен жүзбе-жүз кездесу мүмкінді­гіне ие болмақ. Азаматтарды қа­былдау екі күн бойы таңғы сағат 9-дан кешкі 19-ға дейін жүр­гізіледі.
Петропавлда “Жолда қабыл­дау” акциясының алғашқы күнін­де қабылдау Абай көшесі, 15 мекенжайындағы “Nur Otan” партиясының ғимаратында өтеді. Әдеттегідей облыстық полиция де­партаментінің бастығы, поли­ция полковнигі Марат Төлебаев азаматтарды қабылдайды. Ал учаскелік инспекторлар шағын­аудандардың тұрғындарын учас­келік полиция пункттерінде қа­былдайды.
Әкімшілік полиция басқарма­сының бастығы полиция подпол­ковнигі Жасұлан Оспановтың айтуынша, “Жолда қабылдау” акциясы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2019 жылдың көктемінен бері өткізіліп келеді. Сәуір айынан желтоқсанға дейін солтүстікқазақстандықтар тәртіп сақшыларына 3300 рет жүгінген. Оларды жол инфрақұрылымын жақсарту, автокөлікті тіркеу, абаттандыру мәселелері толған­дырады.
Акцияға қатысатын азаматтар өздерінің сұрақтарын облыстық полиция департаментінің “Fa­cebook” және “Instagram” әлеу­меттік желілеріндегі ресми па­рақшаларда өтетін тікелей эфир­лерде қоя алады. 17 қаңтар күні эфирге шығу уақыттары сағат 9.30, 11.00, 16.00-ге, ал 18 қаңтар күні сағат 10.00, 11.00, 12.00-ден жос­парланған. Сондай-ақ, акция­ға қатысушылар үшін 8 (715-2) 61-25-26 нөмірі бойынша Call-орталық және 8-777-642-32-97 WhatsApp нөмірінде “тікелей желі” жұмыс істейді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp