
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыстық полиция департаментінде азаматтарды қабылдау тоқтатылды.
«16 наурыздан бастап инфекцияның таралуының алдын алу шаралары аясында азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұған дейін қабылдауға жазылып қойған азаматтардың кезегі сақталады және қабылдау қайта басталғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатын болады», — деді облыстық полиция департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева.
Алайда полицейлерге сұрақтарыңыз болса, электронды үкімет порталы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы қоюларыңызға болады.