«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМ

Мен он тоғыз жастамын. 2011 жылы өткізілген Президент сайлауына (ол кезде мен он бес жастағы мектеп оқушысы едім) ата-анам мен аға-әпкелерім қатысып, өз таңдауларын жасауға асыққаны есімде. Ол кезде саяси науқанның маңызын терең сезіне бермейтінмін. Балалықтан ба, ата-анама: “Сайлауға неге барасыздар? Сіздердей қанша миллион адам дауыс береді”, – деуші едім. Балаң оймен байыпсыз айтылған сол сөздерімнің қате екендігін бүгін өзім де дауыс беруге болатын жасқа жеткенімде түсініп отырмын.

Жастың да, жасамыстың да сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауы егемен еліміздің баянды болашағы үшін қосқан сүбелі үлесі деп білемін. Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы қиын кезеңді бастан өткеруде. Осындай қысылтаяң сәтте бар күш-жігерімен, тың ойымен Қазақстан халқын алға жетелеп, биік белестерге бағыттай алатын адамды таңдау – әр азаматтың, еліміздің қозғаушы күшіне айналған әр өреннің қасиетті парызы. Бірге оқып, етене араласатын достарыма, өзіммен қатарлас құрбыларыма дұрыс таңдау жасаудың, әр адамның таңдауы маңызды қадам, шешуші сәт екендігін айтып жүремін.  

Абылайхан ҚАЙРОЛЛАЕВ,

М. Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp