“Демеу” балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы” жекеменшік коммерциялық емес мекемесі дін істері жөніндегі басқарманың мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша “Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру – азаматтық қоғамның тұрақтылығына жол” тақырыбында семинар өткізді.
Бүгінгі ақпараттық жаһандану жағдайында Қазақстандағы діни ахуалды тұрақты ұстау маңызды. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің алдына тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру міндеті қойылып отыр. Шараға қатысқан аталмыш топ мүшелері: Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық келісім министрлігінің бас сарапшысы Б.Шериязданов, саяси ғылымдардың кандидаты Г.Новикова, дін істері бойынша ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Т.Әбуов және Астана қаласы Хазірет Сұлтан мешітінің наиб-имамы М.Қайырғалиев дәстүрлі рухани құндылықтар мен саяси мақсаттарын жасыратын радикалды экстремистік бағыттағы діни оқулардың аражігін ажыратып, түсіндірді.
Олар қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында экстремистік пиғылдағы діни оқуларға иммунитет пен қазақстандық біртектілікті қалыптастыру бағытында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың даму тарихы, тұрғындар арасында олардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы сөз қозғап, экстремистік пиғылдағы діни ағымдарды тану мен оларға қарсы тұру шаралары талқыланды.
Жұлдыз САТТАРОВА,
“Демеу” жекеменшік коммерциялық емес мекемесінің директоры.