Дағыстанның Хасавюрт қаласында еркін күрестен өткен “Құрлықаралық кубок – 2019” додасында Қазақстанның танымал балуаны Азамат Дәулетбеков бас жүлдені олжалады.
86 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз айтулы турнирде шеберліктің шынайы үлгісін көрсете білді. Барлық бәсекеде басымдық танытқан Азамат ақтық кездесуде дағыстандық балуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арсен-Әли Мусалалиевті 8:5 есебімен ұтты.
Жалпы бұл жарыста Азамат Дәулетбековтен бөлек, өзге елдің тағы бір өрені алтын тұғырға көтерілді. Ол 92 килограмм салмақта күш сынасқан Молдованың өкілі Георгий Рубаев. Қалған бас жүлденің барлығы Ресей құрамасына бұйырды.