«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТ ЖӘКЕНОВ – ҮЗДІК БАСТЫҚ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Өрт сөндіру бөлімінің үздік бастығы» байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты басшылық құрамның қызметін одан әрі ынталандыру, біліктілік деңгейін, кәсіби шеберлігін және дене шымырлығын шаңдай түсу, өрт сөндіру және өзге де төтенше жағдайларды жою тактикасының тиімділігін жетілдіру.

Өткізілген жарыстың бағдарламасына өрттен құтқару және дене шынықтыру бойынша нормативтер, нормативтік-құқықтық актілерді білу, жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша тестілеу, сонымен қатар өрт сөндіру бөлімше бастықтарының қызметі туралы презентациялар кірді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Өрт сөндіру бөлімінің үздік бастығы-2019» атағын Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы 17-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Азамат Жәкенов иеленді. Екінші орынды Тайынша қаласындағы 14-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Әбдікәрімов жеңіп алса, үшінші орынға Петропавл қаласындағы 5-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерік Құдабаев ие болды.
Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp