«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАТТЫҚ АЙНАСЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы “Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн акциясы аясында “Қазақстан – менің мақтанышымның, махаббатым мен үмітімнің елі” атты панорамалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде даму жолына шолу жасау, тәуелсіз елімізді төрткіл дүниеге танытқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегінің арқасында жеткен жетістіктеріміз бен толағай табыстарымызды көрсету болып табылады.

“Тәуелсіздік – халықтың басты жетістігі”, “Елбасы жолы – елдіктің жолы”, “Ұлы Дала елі – Мәңгілік ел”, Менің елім – Қазақстан” атты төрт бөлімнен тұратын бұл көрмеге тәуелсіз Қазақстанның бағындырған белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылды. Ол жыл соңына дейін жұмыс істеп, әртүрлі жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырылмақ.

Құралай ӘБІЛИНА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық

орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp