Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында бокстан өткен халықаралық жарыста өңір намысын қорғаған боксшы Азат Елубаев алтыннан алқа тағынды. Аталмыш сайысқа 126 былғары қолғап шебері қатысқан.
Спорттың осы түрімен сегіз жыл бойы айналысып жүрген жерлесіміз 69 килограмм салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан. Жерлес спортшы бокстан спорт шебері атанды.
Қазіргі таңда Азат қатарластарымен бірге тамыз айында Атырау қаласында бастау алатын республикалық сайысқа дайындығын бастады.