
Өзбекстан астанасы Ташкентте гір көтеруден Азия чемпионаты өтті. Сарықұрлықтың үздік командалары бас қосқан жарыста ұлттық құрамамыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Қазақстан құрамасы сапында ел намысын 23 солтүстікқазақстандық қорғады. Бұл жолғы додада кәсіпқойлар, жастар, ардагерлер мен әуесқой спортшылар өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жерлестеріміздің 15-і алтын, 4-і күміс және 3-і қола медаль тағынды.
Кәсіпқойлар арасында Артем Головин (73кг), Василий Слепых (95кг), Виталий Диденко (+95кг), Елена Костенко (58кг) және Марина Евич (68кг) чемпион атанса, Олег Окс (68кг), Алексей Горобченко (85кг) мен Мария Головина (58) екінші орындарға табан тіреді.
Жастар қатарынан Валентин Федоровский (78кг) мен Ербол Дайырбай (+95) алтын, Амандық Серікбол (63кг) мен Сабина Шпеттер (+68кг) күміс медальдарға қол жеткізді. Ал Эдуард Карабашев (68кг) үшінші орынды місе тұтты.
Ардагерлер араларында да жерлестеріміздің бағы жанып, Азамат Нұрышов (73кг), Дмитрий Орехов (+95кг) пен Дмитрий Акишин (85кг) жеңімпаз атанды. Әуесқойларда ағайынды Назар (68кг) мен Захар Коваленколар (73кг), Валентина Беседина (58кг) мен Любовь Синько (63кг) чемпион атанды.
Аманжол НҰРТАЗИН.