«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін Азия чемпионатына Илья Ильин бастаған кіл мықтылар қатысады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінде өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельников айтты.

Бас бапкердің айтуынша, сары құрлық додасында ерлер арасында Арлей Чонтей (55 кг.), Фархад Харки (67 кг.), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 кг.), Нижат Рахимов (89 кг.), Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 кг.), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Әбубакіровке (109 кг.), ал әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 кг.), Карина Горичева (64 кг.), Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 кг.), Жазира Жаппарқұл (76 кг.), Раушан Мешітханова (81 кг.), Лариса Кобелева (87 кг.), Айзада Мүфтілдаға (87 + кг.) сенім артылатын болады.

Лицензиялық турнир 20-28 сәуір күндері аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp