Солтүстікқазақстандық гимнасшы Олеся Колышева Малайзияда өткен Азия чемпионатынан олжалы оралды.
Онда жерлесіміз ел құрамасындағы 5 қызбен бірге командалық көпсайыста үшінші орынға қол жеткізсе, жеке сында топ жарып, жеңімпаз атанған.
Көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткер 14 жастағы Олеся тамыз айында Рио-де Жанейро қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада бағын сынамақшы.
Жас спортшы соңғы 2 жыл бойы білікті бапкер Екатерина Блинованың қарамағында жаттығуда.
(Өз тілшімізден).