«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды. Қазақстаннан 137 адам спорттың 6 түрінен бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстанның туын солтүстікқазақстандық хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты.

Әзірге Қазақстанның шорттрекшілері жақсы өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрлік командалық эстафетада чемпион атанды. Ал 2000 метрге аралас командалық эстафетада мәреге екінші болып жетіп, ел қоржынына күміс медаль салды. Қазақстан қыздар құрамасы да 3000 метрлік эстафетадан күміс алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. Евгений Кошкин осы спорт түрінен жекелей сында күміс жүлдегер атанды.

Аяна Жолдас Ябули тау шаңғы курортында өткен әйелдер арасындағы фристайл акробатика сынында 76.54 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді. Осы спорт түрінен Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдегер атанды. Аталмыш спорт түрінен Олжас Климин де қола жүлдеге қол жеткізді. Ол 10 километрлік еркін стильде сынға түскен.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp