«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗ ҚАМТЫЛҒАНДАРҒА – ЖАҢА КӨМЕК

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілмек. 

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізу ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады», – деді министр. Оның атап өтуінше, оқушы балалар үшін мектепте тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке тегін барып-келу, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын алу мемлекет есебінен көзделеді. «Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады», – деді Б.Нұрымбетов.

www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp