«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙБЕК АЯНБАДЫ

Астана қаласындағы “Дәулет” спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Бас қолбасшысының кубогы үшін күш-қуат құрылымдары командалары арасында қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті.

Халықаралық сайысқа еліміздің Қарулы Күштерінің, өзге де әскери құрылымдар мен осы спорт түрі бойынша облыстық федерациялардан 20-дан аса құрама команда, сондай-ақ, Ресей мен Қырғызстаннан 2 команда қатысты. Кіл мықтылар сайысқа түскен додада ел намысын қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Айбек Қырықбай (2012 ж.), кикбоксингтен Азия чемпионы Медет Сәметаев (2015 ж.), кикбоксингтен өткен “Қызылжар” турнирінің чемпионы Әлкен Төлегенов (2010 ж.) және басқа да сайыпқыран спортшылар қорғады.

85 килограмм салмақта Петропавл қаласындағы Ұлттық Ұлан Әскери институтының оқытушысы Айбек Қырықбай жекелей сында жеңістің екінші сатысына көтерілді. Сайыс барысында жарақат алған жерлесімізге дәрігерлер ақтық сынға қатысуға тыйым салған болатын.

Руслан ҚАЙЫРКЕНОВ,

Ұлттық Ұлан Әскери институтының баспасөз

хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp