
Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында самбодан ел біріншілігі өтті. Додаға еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам спортшы қатысты. Олар Түрікменстан мен Мароккода өтетін Азия мен әлем біріншілігінің жолдамасын сарапқа салды.
Сайыстың қорытындысы бойынша, 48 кг. салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Айдар Исмұханов самбодан ел біріншілігінің жеңімпазы атанса, Диас Керей 56 кг.-да күміс медаль иегері атанды. Ал Ерзат Арғынов (70 кг.) пен Ерасыл Жанатаев (75 кг.) қола медальға қол жеткізді.
Жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар – дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт мектеп-интернатының тәрбиеленушілері.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.